– Қазіргі кезде біз Ұлттық музейдің жанынан музейлер мен музей қызметкерлерінің ұлттық кеңесін құруды жоспарлап отырмыз. Жалпы республикалық музей жүйесі арқылы барлық музейлер бір ұйымға біріктіріледі. Аталмыш ұйым музей қызметтерін үйлестіріп, олардың арасындағы байланысты ел ішінде ғана емес, шет елдерде де дамытуға жағдай жасайды, –дейді Ғ. Ахмедияров.
Вице-министрдің айтуынша мұндай тәжірибе әлемнің бірнеше елінде бар екен.
– Ұлыбританияда барлық музейлер мен кітапханаларды біріктіретін «National Arts Council» атты өнер ұлттық кеңесі бар. Кеңес көшпелі көрмелер ұйымдастырып, музейлердің арасындағы байланыстардың ұлттық және халықаралық деңгейінде дамуына септігін тигізеді. Біліктіліктерін көтеру мақсатында музей қызметкерлері үшін кәсіби курстар өткізеді, – дейді ол.
Айта кетейік, егер ұлттық кеңес құрылатын болса, музей қорларын іздестіру мен тарту, ғылыми қызметкерлерді архелогия, тарих, музей ісі саласындағы зерттеулерге шақырады екен. Қосымша қаржыландыру көзін табу мақсатында маркетингпен айналысады.
Бек Төлеуов