«Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық идеяны қолдау принципі қоршаған ортаны қорғауға негізделеді. Ал, музей қызметі аталмыш мәселелерді шешуде қоғамды біріктіріп және адамзат дамуының жаңа қадамдарына бағыттайды. Осы орайда «Музей және қоғамның дамуы» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз, – деді конференцияның ұйымдастырушысы ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің президенті Үмітхан Мұңалбаева.
Айта өтейік, «Музей және қоғамның дамуы» тақырыбындағы конференцияда музей қызметінің дамуы мен жасалған жұмыстардың қорытындысы жарияланып, «Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық идея, қазақ мәдениетінің жаңа жоспарын ЭКСПО 2017-ге дайындау, Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шараларды кеңінен атап өту жоспарлары қаралады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС