Анонс


ҚР Ұлттық музейі өзге музейлердің жәдігерлерін алып қоюды көздемейді

Жұма, 17 Қазан 2014 17:17
ҚР Ұлттық музейі өзге музейлердің жәдігерлерін алып қоюды көздемейді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі өзге музейлердің жәдігерлерін алып қоюды көздемейді.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай айтты.

Бүгінгі күні музейде 175 мыңнан астам экспонат жиналып тұрғанын айтқан Д.Қамзабекұлы:

- Біз өзге музейлерге барып солардың жәдігерлерін алып қоюды көздемейміз. Өйткені әр музейдің өзінің тарихы, табиғаты болуы керек. Алайда Елбасының «Ең қажетті, ең бірегей жәдіргерлер ҚР Ұлттық музейінде тұруы қажет» деген тапсырмасы бар. Сондықтан менің ойымшы шындығында да әлемдік практикаға сүйене отырып облыстарымыздағы керемет жәдігерлердің түпнұсқасы осында тұрса, ал біз өзіміз солардың көшірмесін жасап оларға берсек және оған түпнұсқасы «ҚР Ұлттық музейінде тұр» деп жазып қойса олар үшін ол бір үлкен мақтаныш болар еді. Кез-келген адам, шетелден келіп жатқан қонақтар облыстарға бара алмайтындығын ескеріп осындай жұмыстарды қолға алсақ деп жатырмыз. Оны алдағы уақытта ғалымдармен бірлесе отырып ойластырамыз, - деді.

Сонымен қатар ол тарихи жәдігерлерді жинауда Елбасының Жолдауда айтқан «Ұлы Жібек жолы» жобасының маңызын айтып «Бұл біздің бай мұрамызды Еуропа сынды өзге елдерге алып барған қозғалтқыш күш болған жол ғой. Біз сол жолды қайта қалыптастырсақ, біз қайтадан мұраларымызды қайта таныстыруға мүмкіндік алатын едік» деп атап өтті. 

5714 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper