Анонс


Д.Мыңбай: Музейді қоймаға айналдырмау керек

Жұма, 17 Қазан 2014 16:55
Д.Мыңбай: Музейді қоймаға айналдырмау керек KAZMUSEUM.KZ -  

Музейді қоймаға айналдырмау керек.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай айтты.

- Руханиятты көтеруде, халықты тәрбиелеуде, жастарға үлгі көрсетуде біздің тарихымызды үлкен бір сын деп қабылдауымыз керек. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып елдің қолындағы көптеген құнды заттарды жинауға мүмкіндік аламыз. Өйткені біз асқан құнттылықпен ғасырдан ғасырға жететін жәдігерлерді жинай алсақ ол біздің тарих алдындағы өз борышымызды атқарғандығымыз болар еді, - деген Д.Мыңбай «Әрине Мәңгілік ел деген тек айта салуға ғана жеңіл сөз. Мәңгі елдің құндылықтары, мәңгі елдің жәдігерлері, мәңгі елдің жазба дүниелері, мәңгі елдің өткен тарихының барлығы тек қана музейде тұрмауы керек. Ол сөйлеуі керек. Музей деген тек жәй жатқан жәдігерлердің жататын қоймасы емес. Біз сол жәдігерлерді сөйлетуіміз керек. Сол сөйлетуде, оларды елге түсіндіруде еліміздің керемет өнершілері мен сәулетшілерінің жұмыстарын шетелге, ал шетелдегі мықты мүсіншілер мен суретшілердің еңбектерін осында алып келіп елге таныстырсақ... Мысалы қазір ҚР Ұлттық музейінде шетелдік Цадок Бен-Давидтің «Айдың арғы беті» деп аталатын инсталляция көрмесі өтуде. Оны көрген қазақ баласы одан асырып дүние жасауы мүмкін ғой» деп атап өтті.

4997 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper