Анонс


«Халық қазынасы» музей қызметкерлері қауымдастығы құрылды

Жұма, 17 Қазан 2014 17:28
«Халық қазынасы» музей қызметкерлері қауымдастығы құрылды KAZMUSEUM.KZ -  

«Халық қазынасы» музей қызметкерлері қауымдастығы құрылды.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай айтты.

Қазір алдында айтқанымдай бізде 175 мыңнан астам экспонат болатын болса, оның 12847-сі ғана бізде экспозицияда тұр. Музейдің принципы бойынша оның барлығы біздің қорымыз, халықтың қазынасы екендігін айтқан Д.Мыңбай:

- Біз «Халық қазынасы» деп аталатын музей қызметкерлерінің қауымдастығын құрдық. Оған қосыламыз деген көптеген музейлер шығып жатыр. Осы жерде музей қауымдастығы не үшін қажет екендігіне толығырақ тоқталып өтсем деймін. Қазіргі уақытта түрлі музейлер бар, тіпті жеке музейлер ашып жатқан азаматтарымыздың саны көбейіп келеді. Солардың барлығы өзімен өзі болмауы үшін басын қосып, барлығының бірдей бір методика бағынсын, кішкене орталық жүйемен жүрсін және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау үшін осы қауымдастық құрылды, - деді.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің директоры музей жұмысына байланысты көптеген нормативтік-құқықтық актілер жетіспей жатқандығын айтып, соларды толықтыру үшін де күнделікті музейдің басы-қасында жүрген азаматтардың ұсыныстарын қарап, жүзеге асыру үшін де бұл қауымдастық маңызды қызмет атқаратындығын атап өтті.

5567 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper