Анонс


Б.Жапаров: ҚР Тұңғыш Президенті музейі өз қызметін ғылыми орталық ретінде қалыптастырды

Сейсенбі, 26 Тамыз 2014 02:23
Б.Жапаров: ҚР Тұңғыш Президенті музейі өз қызметін ғылыми орталық ретінде қалыптастырды KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 25 тамыз. BAQ.KZ - Тұңғыш Президент Музейі – өз қызметін ғылыми орталық ретінде қалыптастыра білді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Б. Жапаров ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған конферецияда атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты атынан Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің  10 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Осы уақыттың ішінде Сіздер, Қазақстан Республикасының Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметіне байланысты құнды экспонаттарды жинақтап, сақтап және насихаттап отырған беделді ғылыми-зерттеу, оқу-ағарту және мәдени орталық ретінде қалыптастыңыздар.

Музей ұжымы еліміздің барлық музейтанушылар мен тарихшы-мұрағатшылар арасында айтарлықтай қызығушылық тудырып отырған ғылыми-зерттеу, дәрістер мен ғылыми жариялау бағытындағы еңбектерді сәтті жүргізіп келеді», - деді Б.Жапаров. 

Ол сондай-ақ музей қорынан алынған тақырыптық көшпелі түрде ұйымдастырылған көрме өткізу шараларың ерекше бағалап өтті.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл толуына орай және басқа да Ел тарихындағы атаулы оқиғаларға байланысты өткізілген тарихи-құжаттамалық көрмелеріңіз, Сіздердің нағыз шеберліктеріңізді дәлелдеді. 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жоғары деңгейлі кәсіби мамандар еңбек ететін, заманауи құралдармен жабдықталған мамандандырылған мекеме ретінде әлемге танылуда», - деді ол.

4645 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper