1. Мамандық атауы:«Музейтану»;
2.Мамандықтың ашылған жылы: 2019 жылы ашылды;
3. Қанша маман дайындады: Жаңадан ашылуына байланысты әзірге түлектер болған жоқ;
4. Бакалавр үшін грант саны: 2-3. Ал, оқу ақысы: 660 000; Магистратура бойынша грант саны: 1-2, оқу ақысы: 917 000
5. Оқу формасы: тек күндізгі;
6. Сабақ беретін танымал оқытушылар, ғалымдар: өнертану кандидаты, профессор Юсупова Ардақ Кеңесқызы, өнертану кандидаты, профессор Асылбекова Айман Мұхтарханқызы, аға оқытушы, өнертану магистрі Каргабекова Раушан Исмайловна, оқытушы, өнертану магистрі Серкебай Нұрхан Арманұлы;
7. Стпиендия: Бакалавриат - 25 000-30 000; Магистратура бойынша: 63 000-75 000;
8. Жатақхана туралы мәлімет: 1 жылға 42 500; 1 айға 4 200 Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаева 19/1, 24 қабатты үй;
9. Практикадан өтетін базасы: Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық музей мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі;
10. Шетелмен байланыс: уақытша тоқталды;
11. Жұмыспен қамтылу деңгейі; «Музейтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады: музей қызметкері, сыншы, арт-сыншы, өнер тарихшысы мен теоретигі, жоғары оқу орындарының оқытушысы, ғылыми қызметкер, редактор, көркемөнер сарапшылары мен кураторлары, республикалық және халықаралық көрмелер мен фестивальдар ұйымдастырушысы, музей мен БАҚ қызметкерлері;
12. Оқуға құжат тапсыру жолы, адресі, телефоны, қажетті құжаттар, мерзімі: 20 маусымнан 07 шілдеге дейін - құжаттарды қабылдау Қазақ Ұлттық өнер университетінде өтеді. Ал, 8 шілдеден 13 шілдеге дейін шығармашылық емтихандар өтеді. ҰБТ-ға тапсыратын пәндер: Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы. CD дискіде немесе флеш картасында сканерленген түрдегі құжаттардың барлық түпнұсқалары болуы керек:
Құжаттар:
1. Жеке куәлік көшірмесі;
2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3. № 086 -У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), нарколог және психотерапевтен анықтама, 063-нысан (егу паспорты);
4. Сурет ¾ (6 дана);
5. ҰБТ сертификаты;
6. Әскери жастағы жас ер азаматтар үшін тіркеу куәлігі;
7. Скоросшиватель, 6 файл, конверт (сүреттер үшін);
8. Дипломдар, сертификаттар (соңғы 3 жылдағы), 9. Жеңілдіктерді растайтын анықтамалар (егер бар болса).
Телефон: 70-55-03, 70-55-35
сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-14:00)
сайты: www. kaznua.kz
Қазақ ұлттық өнер университеті. Нұр-Сұлтан қаласы, «Шабыт» сарайы, Тәуелсіздік көшесі 50. (ҚР Ұлттық музейінің жанында).