Анонс


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі музейлік жаңа бағдарламамен жұмыс істеуге көшті

Дүйсенбі, 01 Тамыз 2016 17:37
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі музейлік жаңа бағдарламамен жұмыс істеуге көшті KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Музеолог» бағдарламасын енгізіп, аталған бағдарламамен жұмыс жасауды бастады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Музей қызметкерлері бағдарлама арқылы материал жинақтау, ескерткіштер жайлы мәліметтер алу, ғылыми мақалалар жазуда қажетті ақпаратты жүйелеу мен өңдеуде қомақты көмек көрсететініне сенімді.  

Бұл бағдарлама жайлы қысқаша айта кетсек, «Музеолог» - музей коллекцияларының ақпараттық каталогын құруға арналған компьютерлік бағдарлама, яғни виртуалды түгендеу карточкалары бар электронды каталог.  

Айта кетерлік жайт электронды каталогтау бағдарламасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қор коллекцияларымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. 

4465 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper