«Ағымдағы жылы респубилкалық маңызы бар 6 музей-қорық мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы мемлекеттік мекемеге айналатын болады. Бұл оларға өздерінің қызметтерін кеңейтуге және алдарына қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беру үшін жасалып отыр», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта олардың қызметіне қатысты бірқатар проблемалар туындап отыр.
«Қазақстан музейлер қорын есепке алу және сақтау бойынша нұсқаулықтың болмауы салдарынан республикалық музейлер кеңестік кезеңдегі немесе өздері әзірлеген нұсқаулықты пайдаланып келген болатын», - деді К.Сейітова.