«Мұнда сол кездің әлеуметтік элитасын жерлеген, - деді экспедиция басшысы Арман Бисембаев. - Екі адамның мәйіті табылды, жанында құрбандыққа шалынған жылқының қаңқасы бар. Қабір біздің заманымызға дейінгі V ғасырға және ерте темір ғасыры дәуіріне тиесілі».
«Бұл жұптық жерлеу болуы мүмкін, - деген болжам айтады Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Виктор Амелин. - Атрибутикаға қарағанда, акинак пен оқтары бар қорамсақ ер адамның, ал күміс құйылған қола айна әйел адамның заттары екені көрініп тұр».
Сонымен қатар зерттеушілер түйе бейнесіндегі бұйданы, жерлеу рәсімдерінде пайдаланылған алтын балық пен екі аяғы бар хош иісті түтін шығаратын аспапты анықтады.