Анонс


Қазақ географиялық қоғамы еріктілерді экспедицияға қатысуға шақырады Таңдаулы

Дүйсенбі, 29 Маусым 2015 09:26
Қазақ географиялық қоғамы еріктілерді экспедицияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақ географиялық қоғамы «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан» атты жаздық экспедицияға қатысуға еріктілерді шақыратыны туралы жариялады. 

«Құрметті достар, сіздерді Қазақ географиялық қоғамы «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан» атты жаздық экспедицияға волонтер болуға шақырады! Волонтер ретінде студенттер, блогерлер, фотографтар, археологотар, инженер мамандары, көлік жүргізушілер, геологтар қатыса алады. Басты мақсат - командалық жұмысқа белсене араласу əрі қызықты демалыс. Достар, сіздерді командалық ұжымға күтеміз, хат жазыңыздар!», делінген аталмыш қоғамның Facebook желісіндегі парақшасында.

Экспедицияға қатысуға ниет білдіргендер анкета толтырып, info@kazgeo.kz электрондық адресіне 5 шілдеге дейін «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан экспедициясына» тақырыбында хат жіберулері керек.

 
3166 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper