Анонс


Тараз археологтары Айша бибі кесенесінен сурет тапты

Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2014 16:33
Тараз археологтары Айша бибі кесенесінен сурет тапты KAZMUSEUM.KZ -  

Тараз қалашығын зерттеп жатқан археолог ғалымдар 2014 жылды қорытындылады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. 

Еске сала кетейік, 2012 жылы Тараздың бұрынғы Орталық базарының аумағында ескі қалашықтың археолгиялық қазба жұмыстары басталды. Осы күні архелогтар 7-12 ғасырларға жататын 40 мыңға жуық артефактілерді тапты. Ортағасырлық қамал, 8-9 ғасырдың мешіті, медресе мен зароастрийліктердің алтарі табылды. Сонымен бірге, 200 мыңға жуық керамикалық элементтер, түркеш дәуірі мен Қоқан хандығы кезеңіндегі көптеген тиындар табылды. Осы жылы табылған археологиялық заттардың көбі Тараздағы облыстық көрме залындағы  экспозицияда таныстырылды.

Археологиялық қазбалардан табылған заттар мен олардың маңызы туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Тұран» тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры Мадияр Елеуов айтып берді.

«Биылғы жылы 4 экспедиция жұмыс істеді, олардың біреуі - «Тұран» тобы. Маған шахристанның шығыс қақпаларын және Тараз қалашығының қорғаныс жүйесін зерттеу таныстырылды. Өкінішке орай, қақпалар табылмады - оларды кейінгі кездері  үйлер мен жолдарды салу кезінде құлатып тастаған болу керек. Жергілікті базардың сыртынан біз бір орталық көшені таптық. Шахристанның өзінен қалыңдығы 11метр болатын бекініс қабырғасын таптық. Оның ұзындығының қаншалықты болғанын елестетіп көріңіз. Фортификация заңдары бойынша, қабырғасынң қалыңдығы мен ұзындығының арақатынасы 1:3 болуы керек. Яғни, ежелгі Таразды қоршап жатқан қабырғалардың ұзындығы 30 метрге дейін жетуі мүмкін», - деп атап өтті ол.

«Тұран» тобы 7-8 ғасырлардағы үйден қалған жерді қазды. Дәл сол кезеңнің  80-ге жуық ортағасырлық монеталары табылды. Осы табылған заттардың қорытындысы бойынша «Тараздың Исламға дейінгі монеталары» кітабы жарыққа шықпақ.

«Осы жылы біздің тапқан басты жаңалығымыз - бұл болжам бойынша, 11-12 ғасырларға жататын қыздың суреті бейнеленген керамика фрагменті. Және мұнда біз Айша бибі кесенесінің ою-өрнектерінің мотивін анық көріп отырмыз»,- деді М.Елеуов.

6462 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper