Анонс


Қарағандылық археологтар жылды қорытындылады

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 18:51
Қарағандылық археологтар жылды қорытындылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазба жұмыстары нәтижесінде құнды жәдігерлер табылған.

Қарқаралы ауданындағы Талды қорымынан алынған «алтын адамның» әшекей бұйымдары музей төрінен орын тапты. Обаға жерленген адамның жасы 40-45 шамасында, біздің дәуірімізге дейінгі 5-6-ғасырларда өмір сүрген болуы мүмкін. Сондай-ақ тарихи олжа қатарында ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетіне тиесілі алтын бұйымдары мен сақ дәуіріне тиесілі Қособа қорымындағы екі метрлік тастар бар. Ал ең құнды жәдігер Түндік қорымынан табылған адамның шашы болып отыр. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 18-19 ғасырларда немесе 4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамға тиесілі. Ғалымдар бұл өте сирек кездесетін олжа деп отыр. Жалпы археологтардың айтуынша, жыл басынан бері 40-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш қалпына келтіріліп, 30-ға жуық монографиялық еңбек жарыққа шыққан. Жалпы өлкенің бай мәдени мұрасын анықтау, есепке алу, қалпына келтіру, зертеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазір облыста 2700 тарихи-мәдени ескерткіш болса, соның 1500-ден астамы мемлекет қорғауына алынған.

Арман Бейсенов, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі:

- Біздің мақсатымыз сол ескерткіштерді бүгінгі, болашақтағы ұрпақтың алдына дұрыс көрсете білу болып отыр. Мұражайға қою, кітап шығару, арнайы оқулықтарға енгізу негізгі міндетіміз болып табылады. Неғұрлым халықтың алдына ақпарат көп барса, соғұрлым біздің еңбегіміздің жанғаны деп білемін.

24.kz

6204 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper