Анонс


Ақтөбеден бес қаруын асынған сармат кезеңінің сарбазы табылды (ФОТО) Таңдаулы

Дүйсенбі, 01 Тамыз 2016 16:52
Ақтөбеден бес қаруын асынған сармат кезеңінің сарбазы табылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбеден бес қаруын асынған сармат кезеңінің сарбаздары табылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы далалық маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кезекті зерттеулердің бірі –Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI–V ғғ. жататынТөртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты.

Бұл кешендегі биылғы атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы қысқаша баяндайды.

-  Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылдан басталған-ды. Бес жылдық кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдератқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 м, биіктігі 4,7 м  топырақ үйінділі обада құрылыстың салыну кезеңдерін анықтауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізу барысында биыл екі жауынгердің тоналмаған жерлеу орны ашылды, - дейді А.Оңғар.

 Бұл жерлеулер негізгі ескерткіш тұрғызылғаннан бірнеше жүз жылдан кейін жасалынған. «Ер қуаты – қаруы» дегендей, екі жауынгер ату қаруы – оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы – темір ұшты найзасымен және кесу қаруы – қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабір шұңқырының шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебелер табылды...

Беліне қанжарын тағынып, садағын асынған қатардағы жауынгердің жерленуі

Күміс ілгекті және қола жебелі қорамсақ

Тамағы, ыдысы, қаруларымен бірге киіз төсенішке қойылған жауынгердің жерленген орны

Жауынгер мәйітінің оң жағындағы ағаш табақтарға салынған жылқының қабырғалары

 

 

3199 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper