Анонс


Қазақстанда алғаш рет серб әйелдерінің өміріне арналған көрме өтеді

Сәрсенбі, 01 Қазан 2025 21:41
Қазақстанда алғаш рет серб әйелдерінің өміріне арналған көрме өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанда алғаш рет Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрменің ашылуы Алматы тарихы музейінде 2025 жылғы 3 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталған көрме серб қоғамындағы әйел болмысы мен оның тарихи рөлін кеңінен таныстыруды мақсат етеді.

Көрменің ресми ашылу салтанатына Сербия Республикасының Бірінші ханымы Тамара Вучич ханым қатысады деп күтілуде.

Экспозицияда Белград қаласы музейінің қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық экспонаттар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылады.

Музей қонақтарына серб қоғамындағы әйелдің орны мен рөлінің қалай өзгергені туралы тың тарихи мәліметтерді ұсына отырып, әйгілі серб суретшілері, ғалымдары, спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

Бұл шара музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда Белград қаласында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілді. Екі музей арасындағы әріптестік келіссөздер барысында Алматы музейінде, Белград қаласы музейінің көрмесін өткізу туралы шешім қабылданды.

Көрме 2025 жылғы 3 қазан күнгі сағат 15.00-де Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 132 үйде орналасқан Алматы музейінде ашылып, 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.

 

 

192 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper