Жанша Арыстанова – халық қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі болған жалғыз қазақ әйелі. Ұлттық ою-өрнектер салып текемет, сырмақ жасап, алаша, басқұр, ши тоқыған. Арыстанованың құс, түйе, жылқы, т.б. жануарлардың суретін ойып сырған сырмақтары мен тұмарша, қошқар мүйіз, ағаш жапырақтарын салған теңдеме ою, жүздеме ою, сыңар ою түрлерімен әшекейленген текеметтері халықтың қолөнер қазынасын байытты. 1961- 64 жж. Республикалық қолөнер шеберлерінің көрмелеріне қатысты.
Көрмеде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі және Қазақстан мемлекеттік өнер музейі қорларында сақталып келген Ж. Арыстанова туындылары көрермен назарына ұсынылады.
Көрме Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы қолдауымен ұйымдастырылады. Ашылуы 2019 жылғы 11 маусым күні сағат 15.00-де.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Қабанбай батыр, 132
Анықтама телефондары: 8 (727) 267-59-05/ 8701-232-32-32
Музей сайты: www.almatymuseum.kz