Басылымның авторы танымал саяхатшы, «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының президенті – Виталий Шуптар.
Жол көрсеткіш 100 беттен құралып, 50-ден астам Ұлытау туристік нышандары туралы әңгімелейді, әр нышан GPS координаттарымен көрсетілген. Мазмұнында 6 карта және 60-тан астам фотосуреттер қолданылған.
Жол көрсеткіш үш тілдік нұсқада (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) шығарылды. Жалпы таралымы 3000 дананы құрайды. Жол көрсеткіш басылымына Қарағанды облысы бойынша QazaqGeography өңірлік өкілі – «Ұлытау» ұлттық қорық-музейі де қатысты.
Фото: Abai.kz