Мәртебелі дәрежені Алматы музейінің Прага қаласында өткен көрмесінің ашылуы кезінде ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев табыстады.
«Алматы музейлері бірлестігінің көрмесі Прага қаласында ашылды. Бұл түркі әлемі үшін маңызды оқиға, қазақ мәдениеті үшін үлкен жаңалық болып есептеледі. Былтыр Италияда да Алматы музейінің көрмесі жоғары деңгейде өтті. Мен музей қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын! Себебі, Еуропаның төрінде, Еуропаның қақ ортасында қазақ мәдениетін көрсету – бұл үлкен еңбектің нәтижесі. Түркі әлемінің музейлері музей қорындағы экспонаттарды шет елге алып шығу үшін көптеген мәселелерге тап болады. Сол мәселелерді шешіп, көрмені Еуропаға алып шығу бұл тек қазақ мәдениеті үшін емес, түркі әлемі үшін үлкен ерлік, маңызды оқиға деп білемін», - деді С.Раев.
Айта өтейік, Алматы музейлері бірлестігі – «Түркі әлемінің ең үздік музейі» атағын иеленген қазақстандық алғашқы музей.