Анонс


Алматыда халықаралық деңгейдегі музей салынады Таңдаулы

Сейсенбі, 27 Қазан 2015 10:33
Алматыда халықаралық деңгейдегі музей салынады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматының Қалалық құрылыс кеңесі заманауи өнер музейі құрылысының жобасын бекітті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі музей салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын. «Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздейді.

Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған Әл-Фараби даңғылының солтүстігінен 2,17 гектар көлемінде жер телімі бөлініп отыр.

Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған музей Дендропарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл-Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап - салынатын музей кешенінде заманауи өнер мектеп-студиясының болуы. Оның үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзінің негізгі сипатын өзгертпейді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматының білім-ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстың маңызы үлкен болатынын айтты.

«Қаламызды барынша заманауи және халықаралық стандарттарға сай және тұрғындарға қолайлы ету өте маңызды. Сондықтан біз қаламыздың рухани өмірін жаңғыртуға тиіспіз. Бүгін жалпы қоғамның мүддесі үшін бұл мәселе оң шешімаін тауып отыр. Ботаника бағын одан әрі дамытудың алғашқы капсуласының нәтижелі болатынына сенімдімін» - деді әкім.

Кәсіпкер Сержан Жұмашов «Museum of Modern Art» қоғамдық қорының бір топ меценаттар құрған коммерциялық емес, қоғамдық негіздегі ұйым екендігін айтты. Оның негізгі мақсаты - халықаралық деңгейдегі заманауи музей салуды жүзеге асыру. Жоба жұмысын одан әрі жүргізу үшін әлемдегі заманауи музейлердің бірі тартылатын болады.

Бұл жобаны жасауға әлемдегі ең үздік архитекторлардың бірі, түрлі техникалық элементтерді ұтымды прайдаланушы - Карлос Ферратер (OAB, Испаниядағы архитектура бюросын құрушы және басшысы) шақырылды. OAB-тың архитектуралық бюросының мұражайлар мен мәдени орталықтар жобасын жасауда жинақтаған тәжірибесі үлкен. Компания архитекторлары Гранададағы Ғылым мұражайының (Испания), Манльеудегі Тер (Испания), Лиондағы Слияние (Франция) музейлерінің, Кастельондағы мәдени орталықтың (Испания) жобаларын жасаған. 1996 жылы OAB бюросы музейлерді дамытуға үлес қосқаны үшін Музейлер қоғамдастығының V Bonaplata Prizes сыйлығын иеленген.

 

2443 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper