Өнер жанашырлары мәселені майшаммен қарауды талап етуде.
Өнерді азық еткен Наум Шафердің қара шаңырағы бүгінде мыңдаған көне граммофон, патефон және винил күйтабақтары сақталған әлемдегі жалғыз музей. Жылдар бойы жиналған әлемдік классиканың алғашқы жазбалары бәз біреудің қолына өтуі мүмкін. Тату ұжым жұмыссыз қалады деген ой қатты толғандырады.
«Оңтайландырудан кейін ұйым таратылады деген ой мені мазалайды. Оңтайландыру мемлекеттік қаржыны үнемдейді. Бұл, әрине, жақсы бастама. Тек қайталап айтамын, соңы мекемені жабуға әкеліп соқпаса болды», - дейді топтаманың негізін қалаушы Наум Шафер.
Ал оңтайландыру бастамасын көтергендер: «Шафердің жеке қорына ешкім қол сұқпайды», - дейді.
Жауапты мекеме өкілдері: «Таспалар топтамасы әлі күнге дейін жеке меншікте сақталуда, әлі мемлекет меншігіне өтпеген», - дейді.
Соған қарамастан музей жергілікті бюджет есебінен қаржылануда. Ал оңтайландырудан кейін жылына 900 мың теңге үнемделмек, деп жазады khabar.kz.
Фото: np.kz