Ресми қонақтар Бөкей Ордасы тарихи-музей кешеніндегі өлкетану және қару-жарақ палатасы тәрізді музейлерді аралап көрді. Сонымен қатар, Ордадағы тарихи ескерткіштермен танысты.
Айта өтейік, Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешен ХІХ ғасырда салынған. 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған Казначейчество, 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимаратарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан тұрады.
Казначейство ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, Хан мешіті ғимараты Тәуелсіздік тарихына, Хан Сарайы ғимараты Хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған.