«Елдегі музейлердің жұмыс форматы өзгертіледі. ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылады деп жоспарлануда. Қазақстан музейлері тарихи мұрамызды заманауи форматта насихаттау, интерпретациялау үшін шетелдің Лувр, Эрмитаж, Ватикан сынды музейлердің тәжірибесін ескере отырып, ғылыми мекемелердің, университеттердің, мұрағаттар, кітапханалардың ғылыми алмасуы жүргізілетін тірек орталығына айналуы тиіс», - деп атап өтті министр. «Ғылыми-зерттеу жұмыстары мына бағыттар бойынша дамиды: тарих, археология, реставрация, өнертану, мәдени-ағарту шаралары, сый-кәде индустриясы, қызмет көрсету және тағы басқалары. Мәдениет саясаты тұжырымдамасы бойынша мәдениет саласындағы менеджментті өзгерту жоспарлануда. Сала экономика секторы ретінде оңтайландырылады. Экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында жетекші музейлер мен кітапханалардың әкімшілік-құқықтық формасы мемлекеттік мекемеден қазыналық кәсіпорынға ауыстырылады», - деді ол.
А.Мұхамедиұлы: Қазақстанда Лувр мен Эрмитаж тәрізді музейлер пайда болады Таңдаулы
Бейсенбі, 23 Шілде 2015 14:52
KAZMUSEUM.KZ -
Елдегі музейлердің жұмыс форматы өзгереді. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп жазады inform.kz.