Анонс


Хан ордасы музей-кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіледі

Жұма, 17 Шілде 2015 10:25
Хан ордасы музей-кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіледі KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстанда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі мәдени-көпшілік шараны «Елдіктің терең тамыры» деген атпен Хан ордасында 25-26 тамызда өткізу жоспарланған. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасынан хабарлады.  

«Шара аясында «Сонау дәуірден қазіргі заманға дейін» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тарихи конференция өтіп, оған Алматы, Астана, Ресей қалалары, ТМД елдерінен тарихшы-ғалымдар қатыспақшы. Жиында Қазақ хандығының құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдері талқыланбақшы. «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысы өз тыңдармандарын табатын болады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен шашасына шаң жұқпаған жүйріктер қатысып, халқымыздың арғы-бергі тарихын кеңінен қаузамақшы. Мерекелік концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да өтеді. Қазақ мемлекетінің қаз басуы мен даму кезеңдерін, ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы күресін бейнелейтін «Алтын дала шежіресі» тарихи-театрландырылған көрінісі Хан ордасындағы тойдың шырқау шегі болмақ», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Хан ордасының іргесін 1826 жылдан бастап Жәңгір хан қалаған болатын. Мұнда қазір тарихи-музейлік кешен жұмыс жасайды. Ауылға кіреберісте Жәңгір хан, дәулескер күйші Дәулеткерей, Шоқанмен замандас қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Мұхамед-Салық Бабажановтың кесенелері орнатылған.

 
2774 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper