Музейдің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Әнуар Күмпекеев өз лебізін білдірі, музейге қала әкімшілігі тарапынан мультимедиалық жабдықтар сыйлады.
Музей 4 экспозициялық залдан тұрады. Оның алғашқы бөлімінде 1929-1941 жылдар аралығындағы Ақсу кентінің тарихи белестері көрсетілген. Одан кейін «Отан үшін от кешкен» жерлестеріне бағышталған бөлімде Ұлы Отан соғысында қаза болған ауылдастардың тізімі жазылған мемориалдық тақта орнатылған. Сонымен қатар, мыңнан астам көрме қойылымдары, 380 суреттер,150-ден астам құжаттар және 250 түпнұсқалар жиналған.