Бірнеше жыл бұрын Өскемен қаласына жақын жерде орналасқан көне обсерваторияның аумағы Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының қарауына берілді. Бүгінгі таңда мамандар археологиялық кешенді заманауи көрме залымен толықтыру жоспарын көздеп отыр.
Сәулетшілер музей басшылығы мен облыс әкімдігіне кешенді өзгертудің үш нұсқасын ұсынған. Таяуда тапсырыс берушілер болашақ залдың пішінін келісті. Ол жат планеталық кеме сияқты болады. «Ландшафт» жобасын Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының мамандары жасады.
Қорық-музей қызметкерлері сондай-ақ бұл ежелгі ғибадатхана туралы тұрақты көрме ұйымдастыруды көздеп жатыр. Қорық аумағының көлемдігі соншалық, бір күнде аумақтағы барлық ескерткіштерді қарап шығуға қиынға соқтырады. Сондықтан музей қызметкерлері келушілердің ыңғайы үшін виртуалды саяхат ұйымдастыруды да жоспарлауда.