Отырыста баяндама жасаған облыстық мәдени, мұрағаттар, құжаттамаларды басқару қызметінің басшысы Рустам Бикенов:
- Айыртау ауданында ашық аспан астында «Ботай» археология мұражайын ашуға дайындық жұмыстары басталды», - деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол СҚО мен Омбы облыстары мәдени мекемелерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Оның аясында солтүстікқазақстандықтар Омбыға, Омбы облысына гастрольге шығады, тарихи-өлкетану музейлерінің көрмелері мен бірқатар басқа да шаралар ұйымдастырылмақ.