Анонс


Д.Мыңбай Ұлттық музейдің басты ерекшеліктерін атады

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 14:39
Д.Мыңбай Ұлттық музейдің басты ерекшеліктерін атады KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брфингінде ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай Ұлттық музейдің ең басты ерекшеліктерін атады.

«Бүгінгі күні Ұлттық музейде 170 мыңнан астам экспонат жиналды. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында біршама белгілі тұлғалардың қолданған заттары қабылданды. Бұл акцияны біз музейге деген құрмет деп білеміз. Жәдігерлерді сақтауға Ұлттық музейде барлық жағдай жасалған. Сақтау бөлмелеріндегі барлық материалдар патенттелген өнімдерден жасалған. Музейдің қызметі әлемдік стандарттарға жауап береді. Музей ісіндегі ең басты талап – жәдігерлерді халыққа ұсынудың жолдарын қарастыру. Бұл орайда ҚР Ұлттық музейі барынша жұмыс істеуде. Өз жұмысымызда заманауи түрлі технологияларды қолданып келеміз. Әсіресе, көрмелер ұйымдастыру үшін музей жаңа техниканың түрлерімен қамтамасыз етілді», - деді Д.Мыңбай.

Айта өтейік, ашылғанына 1 жыл толатын ҚР Ұлттық музейін бүгінгі күні 200 мыңға жуық адам тамашалап үлгерді. Музей ұжымы өздерінің осы уақытқа дейінгі жұмыстарының қорытындысы ретінде 18 мамыр күні «Музей түні» шарасын өткізеді.

 

2150 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper