Анонс


ҚР Ұлттық музейі алғаш рет «Музей түні» шарасын өткізеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 13:13
ҚР Ұлттық музейі алғаш рет «Музей түні» шарасын өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі 18 мамырда «Музей түні» атты жалпыхалықтық шарасын өткізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.

«Музей түні шарасы халықаралық тәжірибеде бар айтулы шаралардың бірі. Шараның негізгі мақсаты – қоғамның назарын музей ісіне аудару. Астанадағы Ұлттық музей 18 мамырда түні бойы жұмыс істейтін болады. музей түні аясында келушілерге тақырыптық түрлі экскурсиялар жүргізіліп, қызықты ойындар ойнатылады. Сонымен қатар, деректі фильмдер көрсету де жоспарланған. Музей саласына қызығушылар үшін шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Бұл шара Астана тұрғындары мен қонақтары үшін өте қызықты болады деп ойлаймын. Музей түнін өткізу кезінде әр музей өзінің потенциалын көрсетеді. Мүмкіндігінше өздерінің барлық қызықты жәдігерлері мен жұмыстарын халық назарына ұсынады. Халық мұндай шараны жіберіп алмауы керек. Музей жәдігерлер қоймасы емес, халыққа рух беретін, мәдениетін көтеретін киелі мекен», - деді Д.Мыңбай.

Айта өтейік, музей түнін өткізу идеясы ең алғаш рет 1970 жылдары ұсынылды. Бірақ, идея қолдау таппай 1997 жылға дейін бұл шара өткізілмеді. Әлем бойынша бұл идеяны алғаш рет 1997 жылы Германия «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») атпен өткізді.  Берлинде өткен шараға ресми Париж қызығушылық білдіріп, 2001 жылы Луврда музей түнін өткізді. Кейіннен ТМД елдеріне де бұл дәстүрлі шара ретінде енгізілді.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

3211 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper