Құрметті қонақтарды музей директоры Дархан Мыңбай мырза қарсы алып, музейдегі ұлттық жәдігерлерімізді таныстырды. Түркия басшысы Ұлттық музейдің «Алтын залына» қызығушылығын білдіріп, ерекше әсермен тамашалағанын жеткізді. Ал, Э.Ердоған ханым музейдегі қазақтың алтын және күміс әшекейлеріне қызығушылық танытқанын білдірді.
Сондай-ақ, музей директоры Дархан Мыңбай мырзаға Түркия басшысы алдағы уақытта екіжақты тәжірибе алмасу мақсатында көрмелер өткізуді ұсынды. Кездесу соңында Дархан Мыңбай мырза Реджеп Ердоған мырзаға биліктің символы ретінде қазақ қамшысын тарту етті. Ал, Президенттің зайыбы Эмине Ердоған ханымға күмістен жасалған ұлттық әшекейлер сыйға берілді. Өз кезегінде Түркия басшысы Ұлттық музей қорына символикалық сувенир сыйлады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС