Анонс


Елбасының бұрынғы резиденциясындағы «Қысқы бақ» халық назарына ұсынылды (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 27 Наурыз 2015 14:32
Елбасының бұрынғы резиденциясындағы «Қысқы бақ» халық назарына ұсынылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Президентінің "Қысқы бағы" көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының Астанадағы бірінші резиденциясы жас астананың тарихи орталығында орналасқан. Ғимаратты сөзсіз Астананың сәулеттік көркіне жатқызуға болады. Оның көркемдік-сәулеттік безендірілуі бұрынғы интерьері мен стилін сақтап тұр. Резиденцияның әр залының қолданылу аясына қарай өз атауы бар. Мысалы, жоғары мемлекетаралық деңгейдегі салтанатты қабылдаулар мен ресми кездесулер залдары, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу залы, сондай-ақ шағын құрамдағы келіссөздерді өткізуге арналған Алауошақ залы, Қысқы бақ және демалыс бөлмесі. Назарларыңызға аталған залдардан фоторепортаж ұсынамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кабинетіндегі демалыс бұрышы.

Президенттің жұмыс кабинеті.

Жұмыс кабинетіндегі телефондар.

Камин залы.

Қысқы бақ.

Қысқы бақтағы жиһаздар.

Айта өтейік, әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін "Алауошақ залы", "Қысқы бақ" және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі. Аталған залдарды Астана тұрғындары мен қала қонақтары Бейбітшілік көшесі 11 үйдегі Музейден тегін тамашалай алады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).

2320 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper