Анонс


Павлодарда Жеңіс музейі қайта жаңғыртылды

Жұма, 27 Наурыз 2015 12:33
Павлодарда Жеңіс музейі қайта жаңғыртылды KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар қаласында «Аталар – ардагерлер, немерелер – із кесушілер» мемориалдық музейі жаңғыртылып, келушілерге есігін айқара ашты.

Музейде II дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруге арналған «Қызыл із зерттегіштер» жасағының жұмыстары ұсынылған. 1985 жылы ашылған мәдени ошақ Жеңістің 70 жылдығына орай күрделі жөндеуден өтіп отыр. Оның ашылу салтанатына соғыс ардагерлері қатысты. Павлодардағы II дүниежүзілік соғысының жәдігерлері орналасқан мемориалдық музей 1985 жылдың мамыр айында Жеңістің 40 жылдығына орай ашылған еді. Мұнда шайқас алаңында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жеке заттары қойылған. Мәселен, майдан даласындағы жауынгерлердің хаттары мен құжаттары, фотосуреттері, сарбаздардың қарулары мен күнделіктері, ұзын саны 400-ге жуық іздеу жұмыстары мен мыңнан аса жәдігер ұсынылған. Мәдени ошақтағы күрделі жөндеу жұмыстары қаңтар айында толығымен аяқталды. Жаңа кейіптегі музейге келушілер назарына 9 жаңа экспозиция ұсынылды.

2337 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper