ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А.Хазбулатов және ҚР Ұлттық музейінің директоры Д.Мыңбай Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажының бас директоры М. Пиотровскиймен ресми кездесуі өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен өткен кездесу барысында екі мемлекет мәдени интеллигенция өкілдері бірлескен көрме және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін қарастырды.
Соның ішінде тараптар Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен ынтымақтастық негізінде Эрмитаждың Орталық Азиядағы алғашқы Орталығын ҚР Ұлттық музейінде ашу мүмкіндігін қарастырды. Әңгімеге қатысушылардың жоспарына сәйкес, әлемнің ең ірі музейлерінің біріне жататын Эрмитаж Орталығы алдымен ғылыми-әдістемелік, кейін көрме жұмысымен айналысады.
Сонымен қатар екі мемлекет өкілдері әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет, ғылым және өнер салаларындағы ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы-мемлекеттер жақындасуының жарқын үлгісі бола алатындығына тоқталып кетті.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық делегация және М.Пиотровский әңгімелесу барысында айтылып кеткен бағыттар бойынша халықаралық келісім жасасуға уағдаласты.