Музей «Қазпоштаның» облыс орталығындағы ғимаратында ашылды. Жұртшылық көп қызықтаған музей аса көп орын да алған жоқ. Пошта бөлімшесі бұл үшін ғимараттың үшінші қабатынан бір бөлме бөлді, сондағы шыны витринаның ішіне қойылған жәдігерлер поштаның тарихынан сыр шертеді. Ондағы ескі мөр, штамп, сүргішпен бекітілген конверттер, сүргішке басылған мөрлер, кофе түстес сүргіштің кесектері аға ұрпақ өкілдерінің көзіне оттай басылды. Пошта бұл заттармен ондаған жылдар бойы жұмыс істеді.
Музейдегі құнды жәдіргерлердің бірі почтальон, Социалистік Еңбек Ері Бизада Жиенғазинаның газет салатын сөмкесі, орден, медальдер тағылған қара костьюмі, көптеген фото-суреттері болды.
Бизада апайды қостанайлықтар жақсы білді, ол Кеңес Одағы бойынша осындай жоғары атаққа ие болған жалғыз пошташы болатын. Музейден өзге де пошта қызметкерлері туралы суреттер мен мәліметтер білуге болады.
Сонымен қатар келушілер музейден Кеңес одағы кезіндегі және Тәуелсіз Қазақстан маркаларын да қызықтады.