Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің статистикалық мәліметтері бойынша музей ашылғалы бізге 94 983 адам келген екен. Соның ішінде шілде айында 57 000, тамыз демалыс айы болғандықтан келушілер саны 18 760, ал қыркүйек айында 13 мың адам келген. 1 мен 15 қазан аралығында 6500 адам Ұлттық музейге қонаққа келген. Бұл сатистикалық мәлімет оқушылар, студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер, әскери қызметкерлер мен шетелдіктер, балалар үйлерінің тәлімгерлері сынды өзге санаттағы ересектердің барлығын қамтиды. Бұл көрсеткіш тек музейдің емес Қазақстанның жетістігі, - деген Дархан Қамзабекұлы «Өйткені Қазақстанның өткені мен бүгінін көру үшін шетелден адамдар көптеп келуде. Мысалы шілде айында екі жарым мыңға жуық шетелдіктер келсе, қыркүйек айында мыңға жуық шетелдік келген. Қазіргі уақытта біз шетелдіктер біздің музейге кіріп шыққаннан кейін қазақ халқының тарихын біліп қана қоймай, жақсы әсермен шығулары үшін жағдай жасаудамыз» деп атап өтті.