Анонс


Түркі академиясының музейі жаңғыртылды (ФОТО)

Жұма, 26 Қыркүйек 2014 06:00
Түркі академиясының музейі жаңғыртылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттілік дәстүрдің сабақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында Халықаралық Түркі академиясының қайта жаңғыртылған музейінің ашылу салтанаты болып өтті.

Оған Қазақстан, Мажарстан, Түркия, Моңғолия мен Татарстанның танымал тарихшы, антрополог, этнолог, археолог және тіл мамандары қатысты. Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Халықаралық Түркі академиясының музейін 2010 жылы Елбасымыздың өзі ашқан болатын. Бүгінде музей экспонаттары 95 пайызға жаңартылған. Болашақта музей түркі тарихы музейі, түркі өркениеті музейі, этнографиялық музей және түркітану музейі сынды төрт бөлімнен жасақталатын болады. Осы музейді қайта құрылымдап, жаңартуға көмектескен ғалымдарымызға үлкен ризашылығымды білдіргім келеді», — деді. 

Ол сонымен қатар, еуразия кеңістігінде ұлы мемлекеттер құрған ата-бабаларымыз өрелі өркениет жасап, соңында өлмес мұра қалдырғанын айта келіп, «сондықтан бұл музейге түбі бір түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінен сыр шертететін, түркі өркениетінің адамзат өркениетіндегі орнын көрсететін құнды жәдігерлер қойылып отыр», — деді.

Халықаралық Түркі академиясына қарасты Түркі халықтарының тарихы музейі алдағы уақытта Түркі кеңесіне мүше төрт елдің ғана емес, түгел түркі халықтарының құнды жәдігерлерімен толықтырылып отыратын болады.

4896 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper