Анонс


А.Мұхамедиұлы: Көптеген музей ғимараттары жөндеуді қажет етеді

Дүйсенбі, 22 Қыркүйек 2014 06:00
А.Мұхамедиұлы: Көптеген музей ғимараттары жөндеуді қажет етеді KAZMUSEUM.KZ -  

Еліміздегі бірқатар музейлер күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазіргі таңда 12 өңірлік музей күрделі қайта жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Шығыс-Қазақстан облыстық этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы, Ықылас атындағы халықтық музыка аспаптары музейі, Ақтөбе облыстық өнер музейі, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейіне инфрақұрылымдық бағытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді министр. 

Министр сонымен қатар музейлердің интернет желісіне қосылуы мен көрсетілген қызметтен түскен табыстары және нормативтік құқықтық базасы жайлы да атап өтті. 

«Интернет желісіне қатынау мүмкіндігі бар музейлер саны – 170. Ал, көрсетілген қызметтерден түскен табыстар 252 533,7 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, музей ісі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласының нормативтік-құқықтық базасы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы арқылы реттеледі», - деді А.Мұхамедиұлы. 

Айта өтейік, осыған дейін хабарлағанымыздай министр еліміздегі музейлердің қызметіне көңілі толмайтынын да айтқан болатын.

4235 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper