Анонс


Almaty Museum of Arts билет сатылымының басталғанын хабарлады Таңдаулы

Сейсенбі, 09 Қыркүйек 2025 14:57
Almaty Museum of Arts билет сатылымының басталғанын хабарлады KAZMUSEUM.KZ -  

Kursiv LifeStyle Орталық Азиядағы алғашқы заманауи өнер музейіне кіру құны қанша екенін хабарлады.

Қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Алматының жаңа мәдени нысаны – Almaty Museum of Arts ресми түрде 2025 жылғы 12 қыркүйекте көпшілікке ашылады.

Музей директоры Татьяна Ходжаеваның айтуынша, көрме алаңы әр адамға қолжетімді болады.

«Қарапайым билет құны – 2000 теңге. Сонымен қатар, оқушыларға, студенттерге және зейнеткерлерге арналған жеңілдетілген билеттердің құны – 500 теңге. Ал мектеп жасына дейінгі балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және ардагерлер үшін – кіру тегін. Біз әрбір адамның осындай көркем әрі ерекше кеңістікті тамашалауға мүмкіндігі болғанын қалаймыз», – деді ол.

Almaty Museum of Arts келушілерді сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Билеттерді музейдің ресми сайтынан сатып алуға болады.

Музей ғимаратын Ұлыбританияның Chapman Taylor сәулет бюросы жобалаған, ал құрылыс жұмыстары 2022 жылдан бері жүргізілді.

414 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper