Құрбан Жандос Керімұлы 1987 жылғы 1 мамырда дүниеге келген.
2004-2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша, 2022-2023 жылдар аралығында «Менеджмент және басқару (іскерлік әкімшілендіру) магистрі» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығында жетекші маман болып бастап, Орталық директорының міндетін атқарушы, Шымкент қалалық «Шым қала» тарихи-мәдени кешені директоры лауазымдарын атқарған.
2025 жылғы 23 қаңтардан бастап «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК директоры болып тағайындалды.