Анонс


«Ботай» галереясы ашылды (ФОТО)

Жексенбі, 01 Қыркүйек 2024 02:21
«Ботай» галереясы ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Петропавлда «Ботай» сурет галереясының ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова және белгілі суретшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты.

 

«Жаңа өнер кеңістігінің ерекшелігі – онда көрмелер де, авторлар мен суретшілермен түрлі кездесулер өтеді. Келушілер еліміздің және облыс суретшілерінің туындыларын тамашалай алады. Галерея рухани әрі шығармашылық дамудың орнына айналатынына сенімдімін», - деді СҚО әкімі.

Галереяның атауы СҚО-ғы 6 мың жыл бұрын жылқы алғаш рет қолға үйретілген «Ботай қонысы» бірегей археологиялық кешенімен байланыстырылды.

166 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper