Мерекелік акция концерттік көріністермен басталды. Акцияға суретші-зерттеуші, гид, «Пока не исчезло в Караганде» жобасының авторы Юлия Ляндаева мен оның әріптесі Оксана Суворкина кеш қонағы ретінде шақырлыды.
Юлия Ляндаеваның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи орындар, сәулет ескерткіштері мен Қарағанды көшелерінің тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Мерекелік шара кезінде қонақтарға экскурсия өткізіліп, ұлы ғалым, академик Е.А. Бөкетовтің өмірбаянынан сыр шерткен шағын көрініс қойылды.
Келушілерді белгілі суретші, профессор Сейфулла Жамауұлы Бодиков ұсынған «Менің қалам-Қарағанды» өнер туындыларының көрмесі де ерекше шабыттандырды.
Сондай-ақуниверситеттің «бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы түлектерінің диплом жұмысы ұсынылды.
Қонақтар үшін көрмеден бөлек, сурет салу бойынша шеберлік сағаты өткізілді.
Акция қорытындысында сөз алған музей директоры Қарлығаш Тұрсынбаева келушілерге алғыс білдіріп, қонақтарға естелік ретінде Бөкетов университетінің имидждік өнімін тарту етті.