«Экономист, PhD Амалбек Дәркенұлы еңбек жолын 2017 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы болып бастаған.
Ол 2018-2019 жылдары Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық технологиялар және ішкі бақылау мәселелері бойынша директор орынбасары, 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы экспортты ілгерілету орталығының жетекшісі, 2020-2021 жылдары аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, сондай-ақ кейінгі жылдары Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымының депутаты, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған», - делінген Ұлттық музейдің хабарламасында.