Сержан Бараханұлы 1983 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Тарих факультеті, тарих, құқық және экономика негіздері – 2006), Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін (Тарих және құқық институты. Тарих ғылымдарының магистрі – 2020) тәмамдаған.
2006-2015 жж. - «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, «Тарихи-мәдени мұра» бөлімінің меңгерушісі;
2015-2019 жж. - «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Тарихи-мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-экспозициялық бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орныбасары, директордың міндетін атқарушы;
2019-2020 жж. - Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры;
2020-2022 жж. - «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директордың ғылым жөніндегі орынбасары;
2022 жылдың 12 қыркүйегінен 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі қызметін атқарды.