Анонс


ТАҒАЙЫНДАУ: Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа директор тағайындалды

Жұма, 02 Қыркүйек 2022 16:11
ТАҒАЙЫНДАУ: Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Тарихшы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Кипиев Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне директор болып тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы 1978 жылы Ақтөбе облысы, Ленин ауданы, Алимбетовка селосында дүниеге келген.

   1997 жылы Атырау гуманитарлық колледжін, 1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих факультетін, 2013 жылы «Қайнар» университетінің магистратурасын бітірген. Тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі;

    1994-2005 жылдары Атырау облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында ұйымдастырушы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде фотограф-оператор, жетекші ғылыми қызметкер, этнография және археология бөлімінің меңгерушісі, Тарихи-мәдени мұраны қорғау кәсіпорынында бас маман, директордың орынбасары;

   2005-2010 жылдары Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бастығының орынбасары, инспекция бастығы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры;

    2010-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қорды есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бөлімшелерінің жетекшісі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Бас директорының бірінші орынбасары, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы.

      2019 жылдың маусымынан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы қызметін атқарды.

            Тарих, археология, этнография, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, музей ісі туралы 40-қа жуық мақаланың авторы.  

 

2234 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper