Анонс


Қазақстандағы ірі музейлерге жаңа басшылар тағайындалды

Сейсенбі, 15 Наурыз 2022 17:25
Қазақстандағы ірі музейлерге жаңа басшылар тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстандағы ірі музейлерге жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбайұлы Әлімбай және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Кенжеболатқызы Шалабаева зейнет демалысына шықты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен аталған музейлерге жаңа басшылар тағайындалды:

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры лауазымына Алтынжан Сәрсембайқызы Хожамуратова тағайындалды. Ол осы қызметке дейін аталған музейдің директорының орынбасары қызметінде болған;

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры лауазымына Рашида Ерімқызы Харипова тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметінде болған.

1442 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper