Анонс


Елордада жаңа музей ашылды (ФОТО)

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 19:43
Елордада жаңа музей ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында ҚазГидромет мекемесінің музейі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райын бақылау ісіне арналған отандық алғашқы музейді бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев салтанатты түрде ашты.

Музей экспозициясынан ауа райын бақылауға арналған тарихи аспаптарды, метеорологиялық станциялардың халықаралық деңгейде мойындалғанын дәлелдейтін сертификаттарды және тарихы маңызы бар фотосуреттер мен құжаттарды тамашалауға болады.

Айта өтейік, осыдан 100 жыл бұрын, 1922 жылғы қаңтарда Орынборда қазақстандық метеорологиялық бюро (Қазметбюро) құрылды. Жалпы, Қазақстан аумағындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулар ХІХ ғасырдың ортасынан басталып, 1848 жылы Қазалы станциясында, 1854 жылы Семей станциясында, 1856 жылы Ырғыз және Қызылорда станцияларында, 1859 жылы Алматы және Орал станцияларында тіркелді. ХХ ғасырдың басында барлығы 28 станция жұмыс істеді.

Ал бүгінгі күні жерүсті бақылау желісіне арналған 344 метеорологиялық станция бар. Бұл станциялар Қазақстан аумағының 78%-ін метеорологиялық мониторингпен қамтиды.

Музейдің ашылуы «Қазгидромет» РМК-ның 100 жылдығын мерекелеуге орайластырылып отыр.

Музейді дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 уақытында Мәңгілік ел 11/1 үй ғимаратында орналасқан мекен-жайдан тегін тамашалауға болады.

1893 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper