
Almaty Museum of Arts Алматы қаласындағы әл-Фараби мен Н.Назарбаев көшелерінің қиылысындағы 1,7 га аумақта орналасатын болады. Құрылысын 2021 жылғы қарашада бастап, 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

Латын әліпбиіндегі екі «L» таңбасының біріккен көрінісін бейнелейтін ғимарат жобасы – қала мен таудың үйлесімін көрсетеді.

Ғимараттың жобасын британдық Chapman Taylor архитектура бюросы әзірлеген. Жоспарға сәйкес музейдің жалпы аумағы – 10 000 шаршы метр.


Музей ғимаратында көрме залдары, кітапхана, концерт алаңдары, дүкен, кафе және ресторан болады.
Фотосуреттер музейдің ресми парақшасынан алынды.
