Анонс


Отырар қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды

Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 12:57
Отырар қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің №89 бұйрығымен Ерсін Ботабайұлы Тәжібаев «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей ұжымына жаңа басшыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшының міндетін атқарушы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы таныстырды. Ол өз сөзінде бұрынғы басшының уақытында музей көптеген жетістіктерге жетіп, қыруар жұмыстар атқарылғандығын айтып, қазіргі таңда стратегиялық міндеттердің өзгеріп жатқандығын сөзге тиек етіп, жаңа басшы музейдің дамуына үлес қосады деген сенімін білдірді. 
«ҚР Мәдениет және спорт министрінің осы қызметке тағайындау арқылы маған көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысымды білдіремін және сенімін ақтаймын деп ойлаймын» - деді Ерсін Ботабайұлы.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшының міндетін атқарушы Күміс Қарсақбайқызы мен мекеменің жаңа басшысы Отырар қалажұрты, Арыстанбаб кесенесі және салынып жатқан «Отырар қалажұрты» сапар орталығымен танысты.

2947 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper