Анонс


БҚО әкімі Алтай Көлгінов «Алаш» музейін қайта қалпына келтіруді қолға алды (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 05:26
БҚО әкімі Алтай Көлгінов «Алаш» музейін қайта қалпына келтіруді қолға алды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылындағы «Алаш» музейін қайта қалпына келтіретінін айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында той тойлауды мақсат етпей, өткеннен үлкен сабақ ала отырып, ой түйген жыл болып тарих қойнауына енді. Биыл да мерейлі мерекелерден кенде емеспіз. Сырым Датұлының 275 жылдығына және Алаш қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына арналған шаралардың жоспары бекітіліп, алғашқы жұмыстар атқарылып жатыр. «Алаш» партиясы мен үкіметінің 100 жылдығына орай, Батыс Алашорда жетекшісі, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтің 130 жылдығына орай Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылындағы «Алаш» музейі қалпына келтірілетін болады», - деді Алтай Көлгінов.

 

Фото: Александр Куприенко

2761 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper