Анонс


Археологиялық ескерткіштерді музейлендіру мәселесі қолға алынуда

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 03:08
Археологиялық ескерткіштерді музейлендіру мәселесі қолға алынуда KAZMUSEUM.KZ -  

Солтүстік өңірде орналасқан археологиялық ескерткіштерді музейлендіру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында азаматтардың сұрағына берілген жауапта айтылды,  деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Сауал қоюшы Ж.Ахмадиева ежелгі қалашықтарды музейлендіру туралы ақпарат сұраған.

Министрліктің ресми сайты бұл сауалға:

-  Бірнеше жылдар бұрын Берел қорғандарынан табылған заттарды қалпына келтірілді. Жойылу алдында тұрған көне артефактілер біздің тарихымыздың тағы да жаңа беттерін ашты. Бүгінде қалпына келтірілген 1 000-ға жуық көне артефактілер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сақтаулы тұр. 

Осы жылдарда Бесшатыр қорғандары, Тараз қалашығы консервацияланып, музейлендірілді. «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Әбілмәмбет ханның резиденциясы, Әулие құмшық Ата жер асты мешіті, Күлтөбе ескерткіштері консервацияланды.

2015 жылы басталған Ақыртас сәулет кешенін консервациялау ағымдағы жылы да жалғасады. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы ежелгі Сауран, Сығанақ, Ескі Түркістан қалашықтарында да жүргізіледі. Сондай-ақ, алдағы уақытта Берел сақ қорғандары мен Есік сақ қорғандарын музейлендіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Солтүстік өңірде орналасқан археологиялық ескерткіштерді де музейлендіру мәселесі бүгінгі таңда қарастырылып отыр. Мәселен, біздің заманымызға дейінгі ІV-III мыңжылдықтарымен мерзімделген Ботай тұрағын қорғау және насихаттау бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Бұл жұмыстар өте ауқымды болғандықтан келер жылдары да жалғасатын болады, - деп жауап берген. 

 

Фото: vechastana.kz

3119 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper