Анонс


ШҚО әкімдігі Берел жазығында музей салуды жоспарлап отыр (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 14 Шілде 2016 01:45
ШҚО әкімдігі Берел жазығында музей салуды жоспарлап отыр (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ШҚО басшылығы ағымдағы жылы Берел жазығында археологиялық жазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуірінің жәдігерлерін тамашалауға болатын музей салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Шығыс Қазақстанда археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспары негізінде Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Зейнолла Самашевтың басшылығымен Катонқарағай ауданындағы Патша жазығындағы қорғандарда қазба жұмыстары жүргізілуде.

№ 2 қорғанды зерттеу кезінде б.з.д. IV ғасырға жататын адам сүйектері мен құрбандыққа шалынған жеті жылқынын қалдықтары табылған. Адам ағаш кескіннің ішіне салынған бағанаға жатқызылған, оның қалдықтары әлі зерттелмеген.

Барлық жылқылар скифтік жануарлар тәсілімен безендірілген. Жеті аттың  біреуі жерленген адамның жеке тұлпары болған сыңайлы. Өйткені, ол алтын әшекейлермен безендіріліп, ағаш кескінге ең жақын орналастырылған. Жылқылардың әбзелдерінде безендіруде қораз бейнесі қолданылған. Бұл ежелгі көшпенділер мәдениетінде сирек кездесетін жағдай. Зейнолла Самашевтың айтуынша, қорғанның қазба жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады және өзге жәдігерлердің табылуына әкелуі мүмкін.

Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болған облыс әкімі Даниал Ахметов №2 қорғанның үстінен шыны саркофагтың орнатылуы жөніндегі мамандардың ұсынысын қолдады. Бұл келушілерге көму шұңқырына түсіп, археологиялық құндылықтарды жақыннан көруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ағымдағы жылдың қыркүйек айының басына дейін қажет құрылысты жүргізу үшін жақын арада 40 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді.

- Біз бұл қорғандардың туристерді қызықтыратын жерге айналуын көздеп отырмыз. Қазір мұнда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын уақытта қорған үстінен шыны саркофаг салынып, келушілер төмен түсіп, зерттеу жұмыстарының нәтижесін көре алатын болады, - деді Даниал Ахметов. 

2547 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper